Облыс әкімі дауыс берді (ВИДЕО)
Қаладағы №1 орта мектептің ішіне орналастырылған 21-ші сайлау учаскісінің жұмысы да қарқынды жүріп жатыр.
Учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлсара Абедчанованың мәлімдеуінше, бұл нүкте арқылы 2285 тұрғын дауыс беруі керек. Түске дейін осынша адамның жартысынан көбі конституциялық құқықтарын жүзеге асырыпты. Аталмыш учаскіге сағат 3-тер шамасында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов зайыбы Айнагүл ханыммен бірге келіп дауыс берді.
Бұдан соң өңір басшысы жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, облыс көлемінде жүргізілген сайлауалды дайындық жұмыстары жөнінде баяндады.
Естеріңізге сала кетейік, Тобыл-Торғай өңірінде 818 сайлау учаскісі 550 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіп жатыр. Сағат 10.00-ге дейінгі көрсеткіш бойынша, облыс белсенділік жағынан көш бастады.
Ж.Жүсіпбек.
Фототілші: Бағдат Ахметбеков.