Құрбан Айт – құтты мереке
Бүгін күллі мұсылман баласының ардақты мерекесі – Құрбан Айт басталды. Ұлық мейрамды асыға күткен қостанайлық мүмін қауымы да таң алдында мешітке жиналып, парыз етілген Айт намазын оқыды.


Құрбан Айттың алғашқы күні мұсылмандар таңертеңнен облыс орталығындағы қос мешітке жиналды. Иін тірестіріп, Айт намазын оқып, бірін-бірі ортақ мейраммен құттықтады. Мұнан кейін Алла разылығынан үмітті ағайын құрбан шалу рәсіміне ниет қойысты.



Ережеге сәйкес, сойылған мал етінің үштен бірін мұқтаж жандарға, тағы бір бөлігін туған-туыстарына беріп, қалғанын өзіне қалдыруы керек.

Құрбан Айт қабыл болсын, қадірменді жамағат!