Облыс әкімі жұмыс сапарымен Лисаковта болды
Бүгін облыс әкімі жұмыс сапарымен Лисаков қаласында болды. Нұралы Садуақасов бастаған топ қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Аймақ басшысы алдымен өткен жылы күрделі жөндеуден өткен Лисаков қаласы прокуратурасын аралаудан бастады. Мұнда құзырлы орган қызметкерлеріне барлық жағдай жасалған. Заңдылықты нығайтуда аянбай еңбек етіңдер деді Н.Садуақасов прокуратура өкілдеріне.
Мұнан кейін өңір басшысы «Афродита» сұлулық салонына келді. Заманауи үлгіде ашылған әсемдік салоны қала орталығында орналасқан.
Өткен жылдың желтоқсан айында ашылған «Балақай» балабақшасын аралап көрген аймақ басшысы жұмыстарына көңілі толатынын білдіріп, балалардың игілігі үшін ойыншықтар тарту етті.
Өңір басшысы Нұралы Садуақасовтың Лисаковтағы жұмыс сапары қалалық мәдениет үйінде өткен актив жиналысына жалғасты. Онда қаланың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Мұнан кейін шаһар басшысы Марат Жүндібаевтың есебі тыңдалды.
Актив соңында өңір басшысы түрлі саладағы бір топ үздік қызметкерлерді облыс әкімінің сыйлығымен марапаттады.
Ақпараттың толық нұсқасын газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
Шұға Қоңқабай
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков