Әлемге әйгілі Лаура

Спортшының жоғары деңгейдегі жарысқа қатысып отырғаны алғаш рет емес. Бұған дейін де бірталай бәйгелерде бақ сынап, қанжығасын да майлап қайтқан тұғын. Осы жолы да жас жерлесіміз Лаура Әлмағамбетова ең кіші салмақ дәрежесі және жас ерекшелігі бойынша әр елдің мықты деген палуандарымен күш сынасты.
Сарыкөл балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі 4 кездесудің екеуінде жеңіске жетті. Сөйтіп, халықаралық турнирдің қорытындысына сай спортшы қызымыз бесінші орынға тұрақтады. Әлемдік додада тамаша өнер көрсеткен жерлесіміз алдағы сайыстарда бұдан да күшті көрсеткіштерге қол жеткізбек ниетте.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.