Сайлау 9 маусымда өтеді

Осы жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Без названия
Президент мемлекет үшін маңызы зор науқанға бір кісідей қатысуға шақырды. Кандидаттар тізімінде жаңа саяси тұлғалар болғандықтан, ол халықтың дана шешім қабылдайтынына сенім білдірді.
«Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады. Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң сезінемін. Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.  
Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге  сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде. 
Айта кетейік, соңғы кезектен тыс сайлау 2015 жылы 26 сәуірде өтті. Ол кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берушілердің 97,7 пайызын жинады. Сайланған Мемлекет басшысының өкілеттілігі 2020 жылдың сәуір айына дейін белгіленген.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓