Зейнеткер кісі өлтірді
Оқиға Қостанай қаласында 25 тамызда болды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратураның растағанын alau.kz жазады.
Қайғылы жайт шамамен сағат 11-де Энгельс көшесі бойындағы жеке үйлердің бірінде болған. 59 жастағы әйел және оның 55 жастағы жұбайы алкогольдік ішімдік ішкен.
Қайғылы жайт шамамен сағат 11-де Энгельс көшесі бойындағы жеке үйлердің бірінде болған. 59 жастағы әйел және оның 55 жастағы жұбайы алкогольдік ішімдік ішкен.
"Екеуара спирттік ішімдік тұтыну барысында әйел өз күйеуіне асхана пышағымен ұмтылады. Суық қару ер адамның жүрегі тұсынан кірген. Ол оқиға орнында тіл тартпай кетеді", – делінген облыстық прокуратура қызметкерлерінің хабарламасында.
Күдікті сол күні-ақ тұтқындалған. Оның үстінен ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлімі ("Кісі өлімі") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура тергеу барысын бақылауға алды.