22 жастағы жігітті өлтірді
Облыстық прокуратураның басқарма басшысы Қайрат Жүсіповтың мәлімдеуінше, кісі өлімі Лисаков қаласында күдіктілердің бірінің пәтерінде болған.
Пәтерде төрт адам болған. Олар алкогольдік ішімдік ішкен. Араларында үй иесі, оның қарындасы және екі танысы отырған. Таңғы сағат 04.00 шамасында пәтер иесі мен оның досының және марқұмның арасында кикілжің басталады. Жағдай ушыға келе күдіктілер 22 жастағы жігітті өлтіруді шешеді.
– Ішімдікке сылқия тойғандар жігітті аямай соққыға жыққан. Олар марқұмның денесіне, басына аяқпен, қолмен дамылсыз ауыр соққылар жасаған. Оның үстіне, кеуде тұсына пышақ жұмсаған, – деді Қ.Жүсіпов.
Оқиға орнына жеткен автобақылау қызметкерлері күдіктілерді ұстады.
Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.