Атышулы сот отырысы 25 қаңтарда өтеді

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай қаласының бұрынғы әкімі А.Ахметжановқа, оның орынбасары М.Қалиевқа және кәсіпкерлер С.Биктибаев пен Г.Овнанянға, Л.Василевке қатысты алғашқы сот отырысы 25 қаңтар күні сағат 10.00 де өтеді. akim-2
Еске сала кетейік, Қостанай қаласының экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановқа пара алу, қызметтік бабын асыра пайдалану, заңды кәсіби қызметке кедергі келтіру, делдал арқылы пара алу, ал оның бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиевке делдал арқылы пара алды, өзінің қызметтік бабын пайдаланып бірнеше рет пара алды деген айыптар тағылып, қамауға алынған болатын. Сондай-ақ, кәсіпкерлер  Леонид Васильев пен Сергей Биктибаев алдын ала келісім бойынша бір топ адаммен аса ірі көлемде алаяқтық жасады, пара беруге үгіттеді, пара беруге делдалдық жасады, қызметтік бабын асыра пайдалануға ықпалдасты, жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғаға делдал арқылы пара берді, мемлекеттік сатып алулар саласында ірі көлемде өзгенің мүлкіне қол салды деп айыпталған еді. Ал, «Сыл» ЖШС директоры Гагик Овнанянға бірнеше рет пара берді және жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғаға делдал арқылы аса ірі көлемде пара берді, сонымен қатар бюджетке салық төлеуден жалтарды деген айыптар тағылған болатын. 
 
Қ.Маратқызы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓