Мұраға таласып, анасын өлтірді

Қостанай қаласының тұрғыны лайықсыз мұрагерді шеттету туралы арызын қанағаттандырмаған бірінші сатыдағы сот шешіміне апелляциялық шағыммен облыстық сотқа жүгінді. Шағым иесі қызы А-ның қазасынан кейін оның пәтеріне бірінші кезектегі мұрагер екендігін атап көрсеткен.
Іс бойынша жауапкер ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша 6 жылға сотталған. Оның сотталуына себеп – алкаголді мас күйінде өзінің анасының, яғни мұраның заңды  иесінің денсаулығына қасақана зиян келтірген. Ауыр соққы салдарынан азаматша А. ауруханада көз жұмды. Осы себепті жәбірленушінің әкесі өз анасын соққыға жыққан немересін одан қалған пәтерге мұрагер болудан шеттетуге шешім қабылдаған.сотҚостанай облыстық соты шағымды қанағаттандыру туралы қаулы қабылдады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1045-бабына сәйкес, мұра қалдырушыны немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұл тізімге өсиет қалдырушының өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған адамдар кiрмейдi. Мұндай оқиға Қостанай облысының сот практикасында алғаш рет кездесіп отыр.
Азаматтық істі қайта қарау нәтижесіне сәйкес сот бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жою туралы қаулы шығарды. Облыстық сотта арыз иесінің  талаптары қанағаттандырылып, азамат Т. лайықсыз мұрагер ретінде анасынан қалған пәтерді иелену құқығынан айырылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓