Құрбан шалу орны белгіленді
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі құрбан шалу орындары туралы ақпарат таратты. Қостанай қаласы аумағында құрбан шалу орны болып Екатеринбург-Алматы тас жолының 543 шақырымында орналасқан «Костанайский Агропродукт» ЖШС төңірегіндегі №1 құрылыс маңы белгіленді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Құрбан айт мейрамы 1-3 қыркүйек аралығында аталып өтеді. Алғашқы күні мұсылман жамағаты шарт бойынша айт намазын оқып, құрбандық шалады. Ережеге сәйкес, сойылған мал етінің үштен бірін мұқтаж жандарға, тағы бір бөлігін туған-туыстарына, қалғанын өзіне қалдыруы керек.
Айтпақшы, қазақстандықтар 30 тамызда, 1, 2, 3 қыркүйекте демалады.