Жүгенсіз жасөспірім

Тәртіп сақшылары 17 жастағы қарабалықтық жасөспірімнің ұрлық жасауды дағдыға айналдырып алғанын айтады. Ол тұрмысы төмен, берекесіздеу отбасында "тәрбие" көріп келеді екен. ворҰры бала соңғы рет көршінің үйіне түскен. Ол бұл әрекетті түн ортасында жүзеге асырған. Бөтен үйге еш кедергісіз кіреді, бұл кезде шаңырақ иелері қалың ұйқыда жатқан. Қараңғы бөлмелерді тінтіп жүріп, қожайынның сөмкесін тауып алады. Әмиянын ақтарып, ішінен 39 мың теңгені жымқырып, келген ізімен зып береді. Қожайындар тоналғандарына таңертең көз жеткізіп, полицейлерге қоңырау шалған. 
Дәніккен сұғанақ араға көп уақыт салмай арам пиғылын жалғастырады. Әуелі әлдебір автокөліктің есігін бұзып, навигация құрылғысын суырып әкеткен. Кейін таяу маңдағы дүкенге түсіп, көңілі қалаған, сөмкесіне сыйғанның барлығын алып, тайып тұрған. Келесі күні ол тәртіп сақшыларының қолына бос сөмкесімен ұсталды. Шығын көлемі есептеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Мұндай қылмысқа ол бірнеше мәрте барған. Таяуда аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Ол жиында тәртіпсіз баланың анасын ата-ана құқығынан айыру, сондай-ақ жасөспірімді арнайы мекемеге жөнелту мәселелері қаралды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓