Ата Заң мен жаңа құрылым құрметіне
Ел Конституциясының 22 жылдығымен бірге облыстық ІІД арнайы даярлық басқармасының құрылғанына 1 жыл толып отыр. Осыған орай тәртіп сақшылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Тартысты бәсекеге ІІД аппараты басқармаларының басшылары мен орынбасарлары қатысты.
– Жаңа басқарманың құрылуы қажеттіліктен туып отыр. Құрылым өзінің алдына бірнеше міндеттер қойған. Ең алдымен полиция қызметкерлерін физикалық жағынан шыңдау аса маңызды. ІІМ даярлығынан өткен біздің әріптестер жеке құрамды табельдік қару және арнайы құрылғыларды меңгеруге оқытып-үйретеді. Сонымен қатар, полигон алаңында оқыс оқиғаларға қарсы шұғыл әрекет ету сабақтары өткізіледі. Аптасына екі рет физикалық дайындық пен атудан жаттығулар өткізілумен қатар, спорттың командалық түрінен, соның ішінде шағын футболдан жарыстың өтуі де – негізгі бағыттарымыздың бірі, – дейді арнайы даярлық басқармасының бастығы полиция майоры Әлібек Боранбаев.
Айта кетерлігі, басқармалардың бастықтары мен орынбасарларының көбінің жасы 45-тен асса да, олар өздерінің тың екендерін байқатты. Тіпті, Президент милін жүгіруден де жас әріптестері орындайтын көрсеткіштен кем орындаған жоқ.
Қыдырбек Қиысханұлы
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің көмегімен