Көрме әсерімен бөлісті
Қостанайлық 15 студент «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалап қайтты. Экскурсия барысында олар Астана қаласының көрікті жерлерін аралады. Елорда сапарындағы әсерлерімен бөліскен Қостанай қызмет көрсету колледжінің студенттерінің қуанышында шек жоқ.

– Бізге осындай жоғарғы деңгейдегі танымдық сапарды ұйымдастырған басшылыққа рахмет айтамыз. Астананың ең көрікті деген жерлерін автобуспен жүріп араладық. «ЭКСПО-2017» көрмесінде түрлі мемлекеттердің павильондарында болып, әр мемлекеттің жаңашылдықтарымен жеке таныстық. Олардың көрмеге деген дайындығы жоғары деңгейде. Болашақ энергиясы механизмдерін көрдік. Олар суға,күн көзіне, желге және қуат күшіне арналған. Бізге ұнағаны – «Нұр Әлем» сферасы. Алған әсеріміз керемет, – дейді колледж студенттері Камила Жұмағұлова мен Самина Башеева.


Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков