Баласын қараусыз қалдырған ана тиісті сыбағасын алады
Қарабалық ауданы Боскөл ауылында сал ауруымен ауыратын баласын қараусыз қалдырған безбүйрек анаға қатысты ҚР ҚК 140 бабы, 2-ші бөлімімен «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөгіндегі міндеттерді дұрыс орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасына 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не 240 сағатқа дейінгі мерзімге, не 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
Қарабалық ауданының прокуроры Ермек Бақаев Татьяна Русолды ата-ана құқығына айыруды және баланы тиісті мекемеге орналастыру, сондай-ақ осыған қатысты қамқоршы органдардың және аудан әкімдігінің кінәлі лауазымды тұлғаларына қатаң шаралар қолдану туралы мәселе қойылғанын айтады.
-Аудандық прокуратураның араласуымен 30 шілдеде аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия мүшелері баланы шешесінен алып, жеткіншек аудандық ауруханаға жатқызылды. Алты жасар бала жүйелі түрде тамақтанбағандықтан 8 келіден аспай қалған. Ал анасы болса ішімдікке салынып, баласына қарамаған. Балаға қосымша «дистрофия» деген диагноз қойылып отыр. Бала әбден әлсіреп, тіпті өздігінен тамақтана алмайтын халге жеткен. Қазір сотқа дейін тергеу жүргізілуде, – деді Ермек Бақаев.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ