«Иволга Холдингке» қауіп төніп тұр

Қостанайдың экономикалық сотында банктің «Иволга Холдинг» ЖШС-ін банкрот деп мойындау туралы арызы қаралуда, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына  «Еуразиялық банк» АҚ «Иволга Холдинг» ЖШС-ін банкрот деп тану туралы арыз білдірген.
«Еуразиялық банк» АҚ  айыпталушыға 80 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз берген.  Қарыз алушы несиелік шарт бойынша міндеттерін орындамаған (міндетті 1 жылдан астам орындамаған).
«Иволга Холдинг» ЖШС уақытша басқарушысы айыптау мерзімін ұзартуды сұрады. Өйткені, қарыз алушыда мүлкі мол, сондықтан қаржы-шаруашылық қызмет бойынша ақпарат жинау үшін уақыт қажет», – делінген хабарламада.
Сот отырысы 4-ақпанға тағайындалды.розинов
«Иволга Холдинг» ЖШС иесі Василий Розинов әлемдегі ең ірі жер иесі деп танылған болатын. Оның меншігінде және пайдалануында бірқатар ірі кәсіпорын және жер алқабы бар. Атап өту керек, оның меншігі Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар өзге елдерде де бар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓