Тартысқа толы дода
Елімізде Конституция күніне арналған шаралар басталып та кетті.
Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасы қаладағы 6697 әскери бөлімінің оқу-жаттығу алаңында атаулы күнге орай спорттың бірнеше түрінен жарыстар өткізді.
Оған өңірдегі күштік құрылымдар, құқық қорғау органдарының командалары қатысып, өзара бақ сынасты.
Толық ақпарат газеттің алдағы сандарында жарық көреді.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ