Әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанды

Жақында Францияның Макон қаласында қыздар арасында грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Марина Седнева күміс жүлдегер атанды.DSC02045Қазақстан жасөспірімдер құрамасының атынан 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен сарыкөлдік спортшы төрт кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті. Алғашқы кезеңде полшалық палуаннан айласын оп-оңай асырса, екінші белдесуінде германиялық спортшыны таза жеңді. Сондай-ақ, үшінші сында венгриялықты да сан соқтырып, финалға жолдама алды. Өкінішке орай, ақтық сында жапондық қарсыласына төтеп бере алмай, жол берді. Ең бастысы, Франция елінде мықтылығын мойындатқан біздің Марина жыл сайын кәсіби шеберлігі артып келе жатқан спортшы екендігін іс жүзінде дәлелдей түсті.
-Мен үшін Макон елінде өткен жарыс оңай болған жоқ. Қаншама уақыт дайындалдық, қобалжыдық. Екінші орынның өзі – үлкен жетістік. Осы жеңісімді маңдай тердің өтеуі деп білемін, – дейді Марина.
Әрине, бұл сарыкөлдіктер үшін де үлкен мақтаныш, зор мәртебе. Жарайсың, Марина! Алға, Қазақстан!
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓