Левит қарсыласын соққының астына алды (БЕЙНЕБАЯН)

Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Василий Левит өзінің алғашқы кездесуін өткізді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. левит2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василийдің қарсыласы бразилиялық Жуан Гонсалвеш болды. Шаршы алаңда қазақстандық спортшы өзінің шеберлігін дәлелдеп, бразилиялықты айқын басымдықпен жеңді, есеп – 5:0.
https://www.youtube.com/watch?v=SQFfZf9SrM8
Енді Василий Левит 29 тамыз күні өтетін ширек финалда австралиялық Джейсон Уотелимен кездеседі. 
Байрақты додада әлемнің 85 елінен 280 боксшы бақ сынауда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓