Қостанайлық атлеттер – үздіктер қатарында
Қостанайлық атлеттер Павлодар қаласында бодибилдингтен өткен ел чемпионатында жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынға ие болды.
Естеріңізде болса, осыдан тура бір ай бұрын Рудный қаласында спорттың осы түрінен аймақтық турнир ұйымдастырылып, республикалық додаға тепсе темір үзетін 9 спортшы іріктеліп алынған болатын. Олардың 7-еуі – рудныйлық болса, қалған екеуі Қостанай мен Лисаковтың атлеттері. Сымбатты мүсін мен бұлшықеттер сайысында қостанайлық команда аз ғана ұпай айырмасымен Павлодар мен астаналықтарға ғана есе жіберді. Алайда, жеке есеп бойынша 6 атлетіміз ең үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты.
Қуаныш
ЕСҚАБЫЛ