Ажалы судан келді
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, 3 тамыз күні Қарасу ауданы Павлов ауылында су қоймасына суға түсіп жүрген 1973 жылы туған ер азамат абайсызда суға кетті.
Сол күні Қостанай ауданы Качар ауылының қасында орна-ласқан №1 саяжайына жақын жердегі көлге шомылып жүрген 1982 жылы туған ер азамат та ажалын судан тапты. Екі адамның да денесін облыстық ТЖД қызметкерлері алып шықты. Мәйіттер тексеруге жіберілді.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА