Газ баллоны атылды
Науырзым ауданы Шолақсай ауылында төтенше жағдай тіркелді.
4 тамыз күні ауылдағы тұрғын үйде 27 литрлік газ баллоны редуктор шлангасынан ағытылып кетіп атылды, соның салдарынан адамдар зардап шекті. 1957 жылғы үй иесі мен оның 1987 жылы туған қызы денесінің 32 пайызын термикалық күйік шалып, Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді. Және олардың туыстары 1991 және 1993 жылы туған екі қыз ауыр халде Әулиекөл аудандық ауруханасына түсті. Денесінің 60 пайызын күйік шалған 2 жасар сәби де осы ауруханада ауыр хәлде жатыр.