Өлі күйінде табылды

Естеріңізде болса, 32 жастағы лисаковтық Надежда Потапова 26 қыркүйекте із-түссіз жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге туыс-туғандары шығып, интернат тәрбиеленушілері мен колледж студенттері жұмылдырылды. Іздеу шараларына полицейлер жетекшілік етті. Кейінірек қала прокуроры азаматшаның жоғалуына қылмыстық әрекеттің қатысы бар екенін мәлім етті. 
Надежданың Лисаковта өз бизнесі болды, интернатта педагог болып жұмыс істеді. Кәмелеттік жасқа келмеген екі баланың анасы еді. Сыйақы белгіленіп, қанша күш жұмсалса да іздеу жұмыстары нәтиже бермей келген болатын.надя
Күні кеше әлдебір әлеуметтік желідегі "Fox Town" қауымдастығына туыстары қаладағы саяжайлық учаскелер төңірегінен Надежданың өлі күйінде табылғаны туралы жазды. Хат иесі Надяны іздесуге атсалысқан жұртшылыққа алғысын жолдапты. Желі тұтынушылары қайғыға ортақтасып, пікірлерін қалдырып жатты.
Сол күні-ақ Надежданың өліміне қатысы бар деген күдікпен Лисаков ҚІІБ қызметшілері 24 жастағы азаматты тұтқынға алды. ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар құрылды.
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓