Нәресте мүрдесі табылды

Жаңа туған баланың мәйіті табылды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.ФОТО-СОТ-1 (1)
27 мамырда кешкілік Жітіқара ауданының полиция бөліміне Жітіқара қаласының зиратында жаңа туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті.
Баланың мәйітін қарау барысында денесінде көзге түсерлік зақымдар анықталмады.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша ("жаңа туған баланы анасының өлтіруі") Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды.
Бүгінгі таңда жаңа туған баланың анасын, сондай-ақ куәларды  анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
«Айыпты 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», – делінеді хабарламада.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓