Бүгін Күн тұтылады
2017 жылғы 21 тамызда Күн тұтылады. Ол уақытта күннің сәуле жиегі әдеттегіден едәуір үлкен болады, деп хабарлайды Қазақпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап.2017 жылғы 22 тамызда Астана уақытымен 00.26-да күн толықтай тұтылады. Ол 1,5 сағатқа созылады. Сирек астрономиялық құбылысты АҚШ тұрғындары жақсырақ көре алады. Сондықтан алда болатын аспан шоуы «Ұлы америкалық тұтылу» деп аталды. Ұзақтығы 2,4 минутқа созылуы мүмкін. Бұл уақытта жер бетіндегі ай көлеңкесінің ені 115 шақырымды құрайды.