Дамудың даңғыл жолында

            18 тамыз күні "Даму" қорының Қостанай облысындағы филиалы мен "Алау" ТРК ұйымдастыруымен, мемлекет қолдауы аясында өрісін кеңейтіп отырған өңірдегі кәсіпорындарға баспасөз туры өтті.IMG_1950
            Облыстық БАҚ өкілдері, ең әуелі, елдегі ең ірі сүт өңдейтін зауыттардың бірі – Рудный қаласындағы "Лидер-2010" ЖШС-де болды. Мұнда олар зауыттың жұмыс барысымен, тұтас Қазақстанға белгілі өнімдердің дайындалу процесімен танысты. Анығын айтқанда, кәсіпорын 2012 жылдан бері өндіретін пастерленген сүт, айран, ірімшік, қаймақ, "Таң" қышқыл сүтті сусынын тек ел нарығын ғана қамтып отырған жоқ, Ресейдің де сауда сөрелерінен көруге болады.IMG_2046
           
IMG_2035
IMG_1964
IMG_2040"Лидер-2010" ЖШС 2015 жылы сүт өнімдерін әзірлейтін екінші зауытты іске қосқан болатын. Қуаттылығы – ауысымына 20 тонна өнім. Жоба құны – 1 млрд теңге. 
"Екі зауыттың жалпы қуаттылығы – ауысымына 50 тонна өнім. Қосалқы цех 30 жаңа жұмыс орнының ашылуына себепші болды. Мұнда өнімдер жаңа қаптамада (бөтелкелі) шығарыла бастады. Осы арқылы өнімді 2-3 аптаға дейін сақтау мүмкіндігін иелендік", – дейді серіктестік директорының орынбасары Владимир Ширяев.IMG_1960
IMG_1973 
IMG_2061
            Бұл жерде, көзбен көргеніміздей, бәрімізге таныс "Село лесное" маркалы сүт өнімдері даярланып қана қоймай, қалбыр-қаптамалары да жасалады. Заманауи технология Германиядан алдырылған. Жалпы, зауыт тынысының кеңеюіне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету бағдарламасы аясында берілген несие, сондай-ақ 2012-2020 жылдарға белгіленген моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде бөлінген субсидия демеу болған. Журналистер соңғы үлгідегі технологиямен танысып, зауыт басында өнімнің бірнеше түрлерінің дәмін татып та көрді.   IMG_2055
           
IMG_2012
IMG_2008
IMG_1981
IMG_1996
IMG_2001Мұнан кейін баспасөз туры облыс орталығындағы "S&W" ЖШС-не келді. Бұл серіктестік 2004 жылы жиһаз өнімдеріне қажетті тақта материалдарын әзірлеп, оны көтерме және бөлшектеп саудалаумен айналыса бастаған. IMG_2150
IMG_2109
IMG_2100
IMG_20922007 жылдан бері ағаш тақталарды ламинациялаумен (ЛДСП) шұғылдануды қолға алыпты. Бізге берілген мәлімет бойынша, мұндай кәсіпорындар, бір есеппен, барлық облыста бар. Дегенмен, компания өнімдері Қостанайда ғана сұранысқа ие емес, Петропавл қаласында филиалы бар. Бұл жерде де пресс-тур өкілдері тақтайларды ламинаттау, олардың бетіне компьютер көмегімен  ою-кескін салу, қиындылар жасау барысына куә болды. IMG_2169
            Ал "Академиялық орталық. Start" ЖШС 2013 жылдан бері мектепке дейінгі жастағы балдырғандар мен бастауыш сынып оқушыларын оқуға дайындау жолында табысты жұмыс істеуде. IMG_2268Бұл мекеме журналистер барған соңғы нысан болды. Бізді жарқын жүзбен қарсы алған директор Наталья Ниязбаева оқу ұясының тыныс-тіршілігімен таныстыра жөнелді. Айтуынша, орталыққа балалар 3 жастан бастап қабылданады екен. IMG_2198Мұнда 4 пен 6 жас аралығындағы балдырғандар үшін, мемлекеттік және ресми тілді қоспағанда, ағылшын тілі курсы да бар. Сонымен қатар, балалар тіл дамыту, есепке үйрену, логика, психология, көркем әдебиет бойынша тәлім алады. 5 пен 9 жас аралығындағы оқушылар хореография, музыка, сурет сабағына қатысады.IMG_2231
            Орталықтың қанат жаюына "БЖК-2020" бағдарламасы аясында "Халық банкі" арқылы, 19% мөлшерлемемен және мемлекет есебінен 7%-дық субсидиямен 40 млн теңге несие берілген. "Даму" қоры 20 млн теңге қаржымен үстемелеген.
            "Уысымызға бұйырған қаражатты жекеменшік нысан алуға жұмсадық. Бұл біздің компанияға қосымша топтар ашып, балалар сыйымдылығын арттыруға мүмкіндік берді. Айта кету керек, біздің қызметке деген сұраныс, балабақшаларда орынның жетіспеуіне байланысты, өте жоғары", – дейді "Академиялық орталық. Start" ЖШС директоры Н.Ниязбаева.   IMG_2213
Жалпы, облыс кәсіпкерлерін қаржыландыруға арналған аймақтық бағдарлама "Қос Қолдау" деп аталады. Оны жүзеге асыруға, бизнесті жеңілдетілген несие арқылы демеуге  2016 жылы 1 млрд теңге бөлінген.даму
            "Бұл қаржы кәсіпкерлерге 8,5 пайыз жылдық мөлшерлемемен несие ұсынатын екінші деңгейлі банктерге құйылды. Мемлекеттік қолдау аясындағы әрбір бағдарлама ерекше. Мемлекет бәріне бірдей қолғабыс көрсетеді: өз ісін енді бастаушыларға да, аяғынан нық тұрған тәжірибелі кәсіпкерлерге де. Бизнесшілердің осындай бағдарламалардың тиімділігін пайдаланып, шаруасын ашып немесе өрісін кеңейтіп жатқанына куә болып, шынайы қуанамын" , – дейді "Даму" қорының Қостанай облысындағы филиалының директоры Замира Оразбаева.
 
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓