Майлинде де бір «мін» бар

Үстіміздегі жылы облыс орталығындағы көшелерді жөндеуге және абаттандыруға қазынадан 4 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінген-тұғын. Осылайша Қостанайдағы Красный Кузнец, Герцен, Дулатов, Белинский, Солнечный және Майлин көшелеріне күрделі жөндеу жүргізіле бастады.

IMG_0741

IMG_0742-Майлин көшесін қайта қалпына келтіру екі жылға созылады. Алдымен Досжанов және  Гагарин көшелерін жалғап жатқан ұзын дәліздің инженерлік-коммуникациялық жүйесі ауыстырылады. Келесі жылы көшеге жаңадан асфальт төселеді,-дейді қала әкімдігінің бас инспекторы Самат Жанділдин.

IMG_0764

IMG_0756Жалпы, биыл қаладағы қырықтан астам көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілмек. Жыл аяғына дейін мердігерлік компаниялар барлығы 43 шақырымға жуық жолды тақтайдай етіп тегістейді. Мамандардың айтуынша, бүгінге текті жұмыстың басым бөлігі аяқталған.

 
Әлібек ЫБЫРАЙ.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓