Көрменің ең танымал нысандары

Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне келушілердің саны күннен-күнге артып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көрменің медиа орталығына сілтеме жасап. экспо14-20 тамыз аралығында EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 345 445 адам келді, яғни, орта есеппен күніне көрмеге 49 349 адам келді. Бұл алдыңғы аптадағы келушілердің саны 14 мың адамға өскенін көрсетеді.
10 маусым – 20 тамыз аралығында көрмеге келушілердің саны –  2 779 820 адам. 10-25 маусым аралығында – 374 236 адам тіркелсе, 27 маусымда келушілердің саны 425 377 адамға жетті.
10 маусым мен 20 тамыз аралығындағы келушілердің жалпы саны – 22 113 663 адам. 
Сондай-ақ, келушілер көп баратын павильондар белгілі болды. Олар: Африка плазасы, Мысыр, Түркия, Таиланд, Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Сауд Арабиясы корольдігі.
Ал қонақтар ең көп баратын нысандардың қатарында "Нұр-Әлем", коммерциялық павильондар, "Шелл" балалар зертханасы, С 3.5 тематикалық павильоны, балалар саябағы, амфитеатр, дю Солей циркі, С 2.4 тематикалық павильоны, Арт орталық және шығармашылық энергия зонасы.
Еске сала кетейік, 24 шілдеде ЕХРО көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелген болатын.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓