«Даланың дара ұстазы»

Осындай атаумен аудандық мәдениет үйінде «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Даланың дара ұстазы» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы өтті
      Байқаудың негізгі мақсаты – Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, даналығын, рухани асыл-мұраларын келешек өскелен ұрпаққа кеңінен насихаттау және санаға сіңіру. Сонымен қатар, ағартушының өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаға деген сүйіспеншілігін арттыруұйымдастырушылар кітапханадағы әдебиеттерге қызығушылығын арттады деп сенеді. Жалпы, байқауға  «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ-сіне қарасты білім ордаларының 5-11 сынып оқушылары қатысқан.
 
Аудандық көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы бойынша Айтпайқызы Назерке жеңімпаз деп танылып, 30 мың теңге ақшалай сыйақымен марапатталды. Ал екінші орын және 20 мың теңге ақшалай сыйақыны Інжу Мұхамбедия, үшінші орын және 10 мың теңге ақшалай сыйақыны Ұлпан Тәпен иеленді. Сонымен қатар, «Көрермен көзайымы» арнайы жүлдесі және де 10 мың теңге ақшалай сыйақы Аяжан Жолдасқа бұйырды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓