Қостанай қалай атап өтпек?
Қостанай облысында Алғыс айту күні қарсаңындағы шаралар легі басталып кетті. Атап айтқанда, осыдан бір ай бұрын атаулы датаға орай екі байқау жарияланған. Алғашқысы – «Алғыс айту күні» логотипінің байқауы, екіншісі – «Алғыс әуені» аталатын үздік ән туындылары сынағы.
«Екеуіне де оқушыларға да қатысуға мүмкіндік берілді. Логотиптер байқауына 100-ден астам, музыкалық шығармалар байқауына 30 өтінім келіп түсті. Қазылар алқасы ертең үздіктерін анықтауға кіріседі. Ал марапаттау рәсімі 25 ақпанда өтпек», -деді «Қоғамдық келісім» КММ БАҚ-пен жұмыс жөніндегі бас сарапшы Дарья Щербакова.
Сондай-ақ, дәл бүгін этнобірлестіктердің қатысуымен «Туған елге мың алғыс!» атты челлендж басталды. Мұның сыртында, кезінде аталары Қазақстанға жер аударылған өзге ұлт өкілдері туралы материалдар ай бойы жиналыпты.
«Нәтижесінде, 3 бейнефильм дайындалды. Атап айтқанда, Денисов ауданында тұратын ингуш отбасы, сондай-ақ Қостанай қаласында тұратын корей және неміс әулеттері туралы бейнетарих түсірілді. Мұны әлеуметтік желілерге жариялап, жергілікті телеарналар арқылы көрермендер назарына ұсынамыз», – дейді Д.Щербакова.
Оның айтуынша, 26 ақпанда жыл сайынғы үрдіске айналған «Біз сенімен қандаспыз» атты донорлық акция ұйымдастырылып, күллі этнобірлестік өкілдері Қан орталығына барып қан тапсырады.
Ал 1 наурыз күні «Қоғамдық келісім» КММ «Ютуб» желісіндегі парақшасында кең ауқымды концерттік бағдарлама көрсетіледі.