Мешіт мектепке бастады
Жыл сайын өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл да өз жалғасын тапты. Бұл шара әуелі Қостанай облысынан басталған еді, қазір ел болып еңсеріп жүр.Жақсылықта жарыспақ болған облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің имамдары да акцияны қолдады. Басты демеушілер: жеке кәсіпкерлер мен Қостанай облысы қажылар қауымдастығы мен зекет қоры.
Бас-аяғы 300 мыңға жуық қаржы жиналып, 60 балаға сөмке мен оқу-құрал берілді.
-Бастысы, балалардың қуанышы. Тәуелсіз еліміздің келешегі осылар, сондықтан олардың білім алулары үшін барлық жағдайды жасау керек. Қолдан келгенше көмек беруге әзірміз,-дейді бас имам Бахытбек қажы Нұрғалымұлы.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.