ТАҒЫ ДА ТЕҢ ОЙЫН (БЕЙНЕШОЛУ)
«Тобыл» кезекті рет үш ұпай жоғалтуға мәжбүр болды. Бұл жолы жеңіске тұсау салған – «Тараз». Ысқырық естіле салысымен қостанайлық команда ойынды жылдам бастады. Әсіресе, екі қаптал белсенді. Әлден-ақ, Дидар Жалмұқан мен Эгон Вух тараздық қорғаушылардың «қытығына» тие бастаған секілді. Көп ұзамай тараздық Джурахон Бабаханов қорғаған қақпаға бірінші соққы бағытталды. Жасұлан Молдақараев тепкен доп бағанадан сәл биік кетті. Жамбылдық жігіттер Малик Маненің көмегімен жауап қайырды. Горбанец пен Моррис те «Тобыл»ойыншыларын тәртіп бұзуға мәжбүрлеуде. Біріншісі Непогодовты да мазалап көрді.Ойын жылдамдығы бәсеңдей бастады. Төреші бірінші ескерту қағазын көрсетті. Тәртіп бұзған – Дмитрий Мирошниченко. Ол маусымдағы бесінші «сары» қағазын алып отыр. Одан кейін Луллаку де төрешіден ауызша ескерту алды. Кезекті бір қарымта шабуылда Нұрбол Жұмасқалиев пен Эгон Вух көзге түсті. Дегенмен, шабуыл сәтті аяқталмады. Іле-шала Мәлик Мане қарсыластың айып алаңына еніп, қауіпті сәт тудырды. Есеп өзгеріссіз.
Тайм аяғына таман тобылдықтар белсендірек қимылдады. Нұрбол мен Дидар бір-екі рет айып алаңына пас асырып көрген. Бірақ, шабуылшыларға әлі де доп жетер емес. Сәлден соң Ника Квеквескири де тепті. Әттеген-ай! Сәл ғана қиыс кетті. Ал Жасұлан Молдақараев өзінде бар мүмкіндікті пайдаланғанда, есеп ашылар ма еді?! Қақпаға жақын тұстан биік ұрды.
Екінші таймда Роберт Евдокимов «Тобыл» құрамына өзгеріс енгізді. Самат Жарынбетов Эгон Вухты алмастырды. Оның шығуымен Аздрен Луллаку сол қапталға ойысты. Алаң иелері бірінші тайм басындағыдай үйлесімді шабуылдарға иек арта бастады. Дидар Жалмұқан мен Луллакуды атап өтуге болады. Ал есеп ашатын сәтті команда капитаны Нұрбол Жұмасқалиев мүлт жіберді. Дидар Жалмұқанмен пас алмасқан ол ұрымтал тұқа шыққан. Алайда, «Тараз» қақпашысы қырағылық танытып, капитанның аяғынан допты «жұлып» алды. Пенальти! «Тараз» қақпасының айып алаңында жүрген Нұрбол Жұмасқалиевті қорғаушы Бекзат Шадманов итеріп құлатты.Төреші оны бірден алаңнан қуды. Ал Ника Квеквескири нүктеден мүлт кетпеді.
Міне, қызық! Бес минут өтпей жатып, «Тараз» есепті теңестірді. Орта тұстан тебілген доп Малик Манеге кеп тиді. Ал сенегалдық сұрмерген қателессін бе? Непогодов қақпасының торы бүлк етті!

Есеп теңескен соң «Тобыл» қайтадан алға шығу мақсатын қолға алды. Жұмасқалиев кетіп, Бекич шықты, Жалмұқаннның орнына Джалилов кірді. Әрине, жанкүйерлер жаңартылған алаңдағы жеңісті күтеді. Луллаку шығарған пас Жарынбетовтің алдына доп түсті. Самат жақын тұстан тепсе де, қақпаға дарымады. Осыдан кейін Ника қайтадан сөз алды. Оның стандарттан көтерген добына Ванче Шиков биік секіріп, ұрды. Тағы да нәтижесіз.
Осылайша, «Тобыл» турнир кестесіндегі жағдайын нашарлатып алды. Еурокубоктық аймақтың ауылы алыста секілді. Енді 26 тамыз күні «Ақжайық» командасы қонаққа келеді. Матч орталық стадионда өтеді.