“ҚОСТАНАЙЫМЫЗ көркейе түссін…”
Алаштың ардақты ақыны Ғафу Қайырбековтің туыстары осындай ортақ тоқтамға келіп, қаламыздағы қаламгердің атындағы көшені абаттандыруға өз үлестерін қосты. Олар ақын атындағы көшенің бойына ондаған түп ағаш көшеттерін отырғызып, көшені түрлі қоқыстардан тазартты. "Арқаның әсем қалаларының бірі – Қостанайдың жыл өткен сайын көркейіп келе жатқандығына қуаныштымыз. Бұған қала тұрғындары да бір кісідей ұйымдасқан түрде ат салысулары керек деген ойдамыз. Қаламгер қандасымыздың атындағы көшеге көк желектер егуді келесі жылы да жалғастыратын боламыз. Ағаш егуге жастарды да тарттық. Мақсатымыз – өздері тұратын қаланың табиғатын қорғауға жастайынан дағдыландыру", – дейді осы игі бастаманың ұйымдастырушысы, қала тұрғыны Бақыт Нұрғалиұлы.
Ал Ғафекеңнің жиені, белгілі өлкетанушы-ғалым Қуаныш Орманов жақсы бастаманың жаршысы болған азаматтарға ақжарма алғысын айтып, батасын берді.
Сәлім
МЕҢДІБАЙ