Қарағайлар өртенді
Әулиекөл ауданының Басаман орман шаруашылығында 72 кварталдағы қарағайлар өртенді.
Өрт аумағы 0,1 гектарды қамтыды. Өртті орман шаруашылығы қызметкерлері өз күштерімен сөндірді. Жітіқара қаласында 7 шағын аудандағы иесіз қалған көп қабатты үйдегі өртті өшірген өрт сөндірушілер ер адамның күйіп қалған мәйітін тапты. Қаза тапқан адамның кім екені анықталуда.