Имамға – алғыс

Қалалық «Біздің Қостанай» газеті редакциясына Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғындары атынан алғыс хат келіп түсті. Хатта олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілі бас имам Бахытбек Нұрғабылұлына деген шынайы алғыстарын білдірген.IMG-20170818-WA0032Өйткені, жыл сайын көктемде еріген қар және күзгі нөсер кезінде Жамбыл ауылындағы мешіттің төбесінен су ағып әбден әбігерге түсетін. Енді, міне, осы мәселе өкіл имамның тарапынан қолдау тапты. Ол өзі басқаратын мешіттің атынан арнайы қаржы бөліп, көпшіліктің жанына батып жүрген мәселені шешуге ықпал етті.
IMG-20170818-WA0033Жоғарыда аталған Жамбыл ауылының барша аға буын өкілі мен жамағаты, мешіт имамы халық үшін адал қызмет атқарып отырған өкіл имамға ерекше жанашырлығы үшін дән ризашылықтарын жеткізеді. Оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт, жауапты  қызметінде табыс тілейді.IMG-20170818-WA0038
IMG-20170818-WA0034

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓