5-қабаттан құлап кетті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлағанындай, оқыс оқиға 4 шілдеде Рудный қаласында болған. бала"4 шілде күні 5-қабаттағы пәтерде екі және сегіз жастағы ағайынды балалар қараусыз қалған. Кішкентайы ойнап жүріп, терезеден құлап кеткен. Ол жансақтау бөлімшесіне жеткізілді. Бала жабық бассүйек-ми зақымын алған, мықын сүйегінің сол жақ қанаты сынған, көптеген жарақаттары бар, арқасының терісі сыдырылған", – делінеді ведомство хабарламасында.
Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓