Асқар Мырзахметов Қостанай облысына келеді
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Қостанай облысына келеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Сапардың мақсаты – егін жинау науқанына дайындық барысымен танысу.
(Сурет "ҚТ" газетінің мұрағатынан)
«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдерімен егін жинау жұмыстарына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізу, егістік алқаптарын аралау, ауылшаруашылық нысандарында болу жоспарлануда», – делінген таратылған хабарламада.