Несие алғандарға жеңілдік жасалуы мүмкін

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауда тұрғындар тұңғыш рет банк қызметімен келісімге орай дауды сотқа дейін реттеуге байланысты кәсіби кеңес алды.Банктен несие алып, оны төлей алмай қалатын жағдайлар кездесіп жатады. Себепті жағдайлар болса да айыппұл төлейтініңіз анық. 

ақша

Осындай жағдайда кімге жүгінуге болады? «Нұр Отан» партиясы мен банктік омбудсмендардың арасында қол қойылған меморандум бойынша өткізіліп отырған қабылдауға осындай сауалдармен тұрғындар келді. Азаматтарды банктік омбудсмен Ерсерік Сиырбаев қабылдады. Мақсаты – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын көтеру. Дәл бүгін тұрғындардың банк қызметі дәрежесі мен ипотекалық несиелеріне қатысты жағдайлар бұрын-соңды болмаған өзекті мәселеге айналған. Банктік омбудсменнің мұндай қабылдаулары осы мәселелерді шешіп,  реттеуде маңызды бітімгерге айналып отыр.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓