Қостанай қысқа дайын

Қостанай қаласы жылу маусымына әзірлікті бастады. Қазір қазандықтарды жөндеп, жылу желілерін жаңасына ауыстырып жатыр. Тек жеңіл–желпі жұмыстар қалған. Оны коммуналды шаруашылық қызметкерлері бір апта көлемінде аяқтауға уәде берді. Қазан айынының 1-нен бастап барлық бюджеттік мекемелерге жылу беріле бастайды, ал он күннен соң тұрғын үйлер де жылу жүйесіне қосылады. Қыс қамын пысықтап алмақ үшін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов коммуналдық компаниялардың жұмысын бақылады.IMG_0126
IMG_0172КЖБИ шағын ауданындағы №3 қазандық 28 мыңға жуық абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Нысанның техникалық жағдайы қалыпты күйде. Істен шыққан қондырғылар жоқ. Дегенмен, биыл осындағы бір қазандыққа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Жалпы облыс орталығы бойынша сегіз жылу қазандығының 4-уі жаңартылған.IMG_0144
IMG_0137«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін тозығы жеткен жылу желілерінің 3 шақырым 300 метрі ауыстырылады. Осы күнге дейін 2,8 шақырымы жаңартылды. Жұмыстарды толық аяқтау үшін таяу арада желілерді қысымдау шаралары басталмақ. Осыған байланысты облыс орталығы екі аптаға ыстық судан ажыратылды.IMG_0185Еуропалық даму және қайта құру банкімен жасалған меморандумға орай Жылу энергетикалық компаниясы ағымдағы жылы ешқандай құрылыс жұмыстарын жүргізбейді. Оған тыңғылықты дайындық қажет. Әзірге тиісті құрылыс материалдар сатып алынып, құжаттар бекітілуде. Айта кету керек, жылу компаниясының көгілдір отын, су мәселесі бойынша өзге коммуналдық мекемелер алдында қарыздары жоқ. Дегенмен, тұтунышлардың компанияға деген берешегі 280 млн теңгеден асып жығылады. Облыс әкімі компания басшылығына қарызды өндіріп алу жағына жіті мән беру керектігін ескертті.IMG_0190Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов Жылу компаниясы өкілдеріне жас кадрлар тағайындау мәселесіне көңіл бөліңдер деп кеңес берді.IMG_0176-Бүгінде Қостанай қаласы бойынша жаңадан шағын аудандар бой көтеріп, коммуналдық мекемелер қатары көбейіп келеді. Осындай кезде мамандар жетіспеушілігі қатты сезіледі. Ал, ең бастысы, жөндеу жұмыстарын аутсортингтік жүйеге, яғни нарыққа шығарсақ, комапнияның қаржы жағынан ұтары көп болады,- дейді өңір басшысы.IMG_0194
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓