Әріптестеріміз жеңімпаз атанды
Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы "Сорос Қазақстан" қорымен бірлесіп "Бюджет ашықтығы мен есептілігі" жобасы аясында "Мемлекеттік ашық бюджет" атты республикалық журналистер байқауын жариялаған болатын. Осы тілшілер сынына қатысқан жерлес әріптестеріміз – "Қостанай таңы" облыстық газетінің тілшісі Кенже Қонысбай "Үздік сарап" аталымы бойынша, "Нұрлы таң" газеті редакторының орынбасары Аслан Қанғожин "Үздік үйлесім" номинациясы бойынша марапатталды.