Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті
"Қарты бардың үйдің– қазынасы бар", – деп халқымыз ежелден қазыналы қартын қадірлеп, қасиет тұтқан. Осынау үрдісті ұстанған аудан әкімі Эльдар Күзенбаев та Қарттар күні өңірдің бір топ қарттарының басын қосып, дастарқан жайып, құрмет көрсетті.
"Әсел" кафесінде бір дастарқанда біріккен алдыңғы буын өкілдері төл мерекелерін мейлінше тойлатты. Ал-дымен аудан әкімі Эльдар Күзенбаев оларды айтулы салтанатпен құт-тықтап, жүрекжарды лебізін былайша білдірді:
– Құрметті ата-әжелер! Елбасы-мыздың сөзімен айтсақ "Сіздерге қамқорлық жасау – біздің перзенттік парызымыз". Сіздердің облысымыз-дың, ауданымыздың дамуына, өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз, еңбектеріңіз кейінгі жастарға үлкен өнеге болып табылады. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар мереке иелерін облыстық мәслихаттың депутаты А.Жалғасов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы У.Айғұлақов, Ұлы Отан соғысының және еңбек ар-дагерлері А.Евтушенко, П.Черепахин, тағы басқалары құттықтап, ізгі ілтипаттарын білдірді.
Әсіресе, бұл күні аудан басшы-сының құрметіне бөленген қа-риялардың жүзінен қуаныш пен ризашылықтың лебі байқалды. Себебі, қарттар қайта-қайта өз тараптарынан аудан басшысына өздеріне көрсеткен құрметі мен сый-сияпаты үшін ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Жалпы, бұл қуанышта бала жүректі қариялар ауданның өнерпаздары орындаған ән мен күйдің әуенінде тыныстап, көңілді тарқасты.
Руслан ӘЛКЕЙ.
Сарыкөл ауданы.