Дауыл соғып, бұршақ жауады
Қостанай облысында жел күшейіп, нөсер жауады, кей жерлерде бұршаққа ұласуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. «9 тамызда тәулік бойы Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз қатты ыстық, ауа температурасы кей жерлерде 35 градусқа жетеді», делінген хабарламада.