Алдын алу шаралары күшейтілді

1111111

Қостанай облысында коронавирустың алдын алу шаралары барынша күшейтілген. Облыс орталығы Қостанай қаласындағы ірі сауда нысандары мен ойын сауық желілері жабылды. Тек азық-түлік дүкендері, супермаркеттер мен дәріханалар белгіленген тәртіпте жұмысын жалғастыруда.

Қостанайдағы «Март», «ЦУМ», «Француз орталығы» сауда орталығының есігі уақытша жабылған. Тек дәріханалар мен астындағы сауда орындары ғана жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, қаладағы түнгі клубтар, караоке барлар, фитнес орталықтары өзге де адам көп жиналатын нысандардың қызметі уақытша тоқтатылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓