Асарға атсалысыңыз!

"Туған жер" жобасы аясында Науырзым ауданының орталығындағы мешіттің жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов Facebook парақшасында хабарлады. Құрылыс жұмыстары жергілікті тұрғындардың қаржысы есебінен жүріп жатыр. nauryzym04Ерлан Болатұлы: " "Туған жер" жобасы аясында Науырзым ауданының орталығы – Қарамеңді ауылында орналасқан мешітті жөндеу жұмыстары басталып кетті. Елден шыққан бір топ азамат 2 апта ішінде 5 миллион теңгеден астам қаражат жинапты. Негізгі жұмысты Құрбан айтқа дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда қызу жүріп жатқан жұмыстың тоқтап қалмауы – барша науырзымдықтардың намысына байланысты. Сіз бен біз болып жұмылсақ, бұл игі істің де нәтижелі болатыны сөзсіз. Олай болса, аянып қалмай, Алла үйіне көмек көрсетуге асығайық! Сауаптан жазсын! Фотода "Қазпошта" АҚ ашылған есеп шоттың нөмірлері берілген" деп жазған.
20729088_253455801830790_3989880783123734386_o
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓