Жолдар жабылды
Қостанай облысы Полиция департаменті ауа райының құбылуына байланысты Екатеринбург-Алматы бағытындағы тас жол жабылатынын хабарлайды.
Атап айтқанда, Ресей Федерациясымен шектесетін аумақтан бастап, Федоров ауылына дейінгі жолаушылар мен жүк көлігі жолдарында қозғалыс тоқтатылады.
Атап айтқанда, Ресей Федерациясымен шектесетін аумақтан бастап, Федоров ауылына дейінгі жолаушылар мен жүк көлігі жолдарында қозғалыс тоқтатылады.
Сондай-ақ, сағат 17.30-дан бастап Рудный-Қашар-Федоров тас жолының 0-82,7 шақырым аралығы көліктің барлық түрі үшін жабылды.
Ведомство мамандары облыс аумағындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.
























