Ескі қару тәркіленді

Қостанай облысының жедел қызметкерлері 22 жастағы жігіттен бір ғасырдан астам уақыт бұрын шығарылған ескі қаруды тəркіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.20170808185212Қостанай облысының ІІД қызметкерлері жыл басынан бері 20 мыңға жуық адамды тексеріп, азаматтардан заңсыз ұстап жүрген 540 қаруды тəркілеген. Алынғандардың көбі қысқа оқпанды, газ, травматикалық қарулар. Десе де, олардың арасында тарихи қарулар да кездесіп жататын көрінеді.
Мəселен, рейд өткізу кезінде қаланың «Қостанай – 2» ауданында 22 жастағы жігіт ұсталған. Оның қолында 7.62 калибрлі тегісұңғылы «Маузер» маркалы қару болған. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қостанай облысының ІІД тəркіленген қарулар құқық қорғаушылардың қатысуымен Рудный қаласында балқытылып, жойылатынын хабарлайды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓