Уақыт шектеулі
Құжаттарының мерзімі өткен шетелдіктер 5 маусымға дейін Қазақстан аумағынан шығуы тиіс. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы хабарлады.
Ведомства мәліметінше, көшіқон қызметі басқармасы жол жүру құжаттары, Қазақстан Республикасының визалары және уақытша тұруға рұқсаттың мерзімі өтіп кеткен немесе мерзімі аяқталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауапқа тартылмай-ақ елден шығуын заңдастыру және рұқсат беру шешімі осы жылдың 5 мау-сымында аяқталуы тиіс. Көрсетілген мерзімге дейін шетелдіктер елден кетуі немесе олардың болуын заңдастыруы керек. Қабылдаушы тарап (жеке немесе заңды тұлғалар) уақытша болуға немесе болу мерзімін ұзартуға рұқсат алу үшін тұрғылықты жері бойынша облыстың аудандары мен қалаларындағы көшіқон қызметіне Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 114 мекенжайы бойынша облыс орталығындағы полиция бөлімдеріне жүгінуі қажет.
"Уақытша тұруға рұқсатты: жұмысқа, отбасын біріктіру, оқуға, емдеуге, миссионерлік қызмет, тұрақты тұруға ала алады. 5 маусымнан бастап құқық бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады", делінген баспасөз парақшасында.