Қоқыстан шақалақтың денесі табылды
Шала туған баланың денесі Қостанайдағы қоқыс жәшігінен табылды. Оқиға 2 тамыз күні Әскери қалашық ауданында болған, деп хабарлайды alau.kz. «Қазір біздің ауламыздағы барлық тұрғындар тексеріліп жатыр, пәтерлерді аралап, үйінде жатқан жүкті әйелдер жайлы сұрастырылды. Осының бәрі жаныңды түршіктіреді», – дейді аудан тұрғыны Татьяна Нечаева.
Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған деректі растады. Қазір полиция қызметкерлері баланың ата-анасын іздестіріп жатыр. Сараптама тағайындалды.