Жала жабамын деп…

ҚР Қылмыстық кодексінің 419 бабына сәйкес, теріс қылық немесе қылмыстың жасалуы туралы жалған сөйлегені үшін айыппұлдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Заңнамада қарастырылған жауапкершілікке қарамастан, кейбір адамдар жалған жала жабуын қоймай отыр. Мәселен, 2015 жылдың 14 қыркүйегінде Ұзынкөл аудандық прокуратурасына Т. азаматтан Ұзынкөл АІІБ бастығының орынбасары және  Ұзынкөл АІІБ қылмыстық полиция бөлімі бастығының орынбасары 6 бас ірі қара мал ұрлағанын мойындату үшін азаптады деп шағым түсірді. Осы арыздың негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында арызданушының дәлелдері расталмады және қылмыс құрамының жоқтығына байланысты полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, ал Т. деген азаматқа қатысты жала жапқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
2015 жылдың 11 желтоқсанында аталған қылмыстық іс аудандық сотқа жолданды. 16 ақпанында Ұзынкөл аудандық сотының үкімімен Т. азамат айыпты деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесіліп, пробациялық бақылауға алынды.
 
Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓