Жылу мен суға берешек көбейді
Облыс тұрғындарының коммуналдық қызметтерге берешегі 500 млн теңгеге жуықтайды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуына қарағанда, дәл бүгінгі күні халықтың жылу мен суға, көгілдір отынға қарызы 482 млн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 69 млн теңгеге көп. Әсіресе, облыс орталығы тұрғындарының коммуналдық қызметтерге берешегі қордаланып қалған -323 млн теңге.
– Көп жағдайда төлем қабілеті төмен тұрғындар мәселені мемлекеттік жәрдемақы арқылы шешуге тырысады немесе енгізілген дифференциялық тариф көмекке келеді. Бірақ, бұл да жетімсіәз. Алғашқы жартыжылдықта 10 354 отбасы 199 млн теңге көлемінеде тұрғын үй жәрдемақысын алған,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Жарты жылда коммуналдық кәсіпорындар 317 млн теңгені өндіріп алу үшін 5 080 адамның үстінен шағым түсірген. Оның 4 499-ы қанағаттандырылыпты. Бірақ, осы кезге дейін бар болғаны 75,7 млн теңге қарыз ғана қайтарылды.
Шындығын айту керек, қарызды өндіріп алу жұмыстары мардымсыз. Аудандардағы жағдай да көңіл көншітпейді. Мәселен, Әулиекөл ауданында тұрғындардың қарызы 3,5 млн теңге. Сотқа жіберілген 1,5 млн шағымның тек 27-і ғана қанағаттандырылған. Соның 8-і ғана орындалыпты. Яғни, бар болғаны 500 000 теңге. Соның салдарынан коммуналдық кәсіпорындар өткен жылғы жылу маусымына қажетті көмірмен әлі есептескен жоқ.
Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов коммуналдық кәсіпорындар алдында қарызы көбейген аудандардың басшыларын орындарынан тұрғызып, берешекті өндіріп алу жұмыстарын жеделтетуді тапсырды.
-Берешегі екі айдан асқан тұрғындардың ісін сотқа тапсыру керек. Бұдан 100 пайыздық қорытынды шығармаса болмайды. Өйткені, уақыт бізді күтіп отырмайды. Алда екі ай уақыт бар. Жағдайды барынеша түзеуге тырысыңыздар, – деді өңір басшысы.
Әлібек ЫБЫРАЙ