Құрылыс жұмыстары қарқынды

Облыс әкімі Архимед Мұхамебтов Қостанай қаласының 2017 жылғы даму көрсеткіштері мен ағымдағы жылдың жоспарларына арналған қорытынды жиынға қатысты. Алдымен, қала әкімі Базыл Жақыповтың баяндамасы тыңдалды. Ол өткен жылдағы Қостанайдың түрлі саладағы жетістіктерін «жіпке тізді».indexпБылтыр қала бюджетіне түскен 26 млрд теңге жоспарлы түрде орындалған. Өнеркәсіптік өнім көлемі ұлғайып, 266 млрд теңге табыс түскен.
– Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауы Қазақстанның дамудың жаңа белесіне иек артқанын көрсетеді. Президент бұл жолы он басым бағытты айқындап берді. Былтырғымен салыстырғанда әлеуметтік салаға бөлінетін қаржының 12 пайызға өскен. Осы тұста қала тұрғындары мен активі де облыс экономкиасына үлес қосатынына сенімдімін. 2017 жылы Қостанайда тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 5,5 млрд теңге қаражат толығымен игерілді, – деді Базыл Жақыпов.
Былтыр бюджеттік қаржы мен жеке инвестициялардың есебінен 1686 пәтерлі 22 үй мен мансардты 4 қабат пайдалануға берілді. Бұған қоса мемлекет бюджетінен 1062 пәтерлі 17 үйдің салынуына ақша бөлінді. Тағы 10 үй «Бәйтерек» АҚ арқылы салынды.
Осы жылы 27 үйдің құрылысы басталмақ. Оның 20-сы – «Юбилейный», 7-еуі «Әуежай» шағын ауданындарында тұрғызылады. Қаланың шет жағындағы «Әуежай» шағын ауданында бүгінге дейін 17 үй жұрт игілігіне берілді. Жоба бойынша 2018 жылдың аяғына дейін мұнда көпқабатты тағы 7 үйдің құрылысы басталады. Баспаналардың жалпы аумағы – 100 мың шаршы метр. Мұның сыртында былтыр 900 орындық мектеп пен екі балабақшаның құрылысы қолға алынған.
– Бұл шағын ауданда 1000 адамға арналған спорттық-көңіл көтеру кешені қолданысқа беріледі. Барлық инженерлік инфрақұрылым жүргізілген.  Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында монтаждау жұмыстары аяқталуы тиіс. Сонымен қатар «Әуежайға» жақын орналасқан су айдыны маңынан саябақ салынады, – деді қала әкімі.indexБылтыр 5,5 млрд теңге бөлініп, Қостанайдағы 48 көше жөндеуден өткен еді. 2018 жылы негізгі деген 10 көше қалыпқа келтіріледі. Оған 4,2 млрд теңге жұмсалады. Атап айтқанда, былтыр аяқсыз қалған Набережная, Лермонтов, Тәуелсіздік көшелері, Павлов көшесінің біраз аумағы, Абай даңғылы, Съянов көшесіндегі өтпежол, Гагарин көшесі де жаңарады. Тағы 5 көше орташа жөндеуден өтеді. Оларға 750 млн теңге қарастырылған.
Айта кету керек, көшелер ресайклинг әдісімен жөнделеді. Осылайша, ескі асфальтті кәдеге жаратуға мүмкіндік бар. Суық ресайклинг технологиясы арқылы ескі төсемді қыздыру қажет емес. Бұл қуатты үнемдеу жағынан да, қоршаған ортаны қорғау жағынан да маңызды. Сондай-ақ, аталған әдіс асфальт-бетон қызметін орташа алғанда 3-5 жылға ұзартады. Мұның сыртында, облыс орталығында 102 мың шаршы метрлік жол төсемі жөнге келтіріледі. Қала әкімі аулалар ішін назардан тыс қалдырмайтынын айтты. Бұған 430 млн теңге қарастырылып отыр.
Базыл Жақыпов атап өткендей, бүгінде көлік инфрақұрылымына қатысты барлық конкурстар жарияланған, өтінімдер қабылдау жүргізіліп жатыр. Қолайлы ауа райы туысымен-ақ қалада жол жөндеу жұмысы басталады.выЖиында тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Мәселен, екінші Қостанай тұрғындарын алаңдатқан тағы бір жәйт –  ұрлық деректерінің  соңғы кезде жиіленуі.  Бұл тұрғыда билік басындағылар полиция қызметкерлеріне қатаң бақылау орнатуды тапсырды. Жалпы, облыс орталығында қылмыстың бетін ашу көрсеткіші былтыр 33 пайызға жеткен.
Әкімге сұрақ қойған зейнеткер Волынов және Арыстанбеков көшелерінің қиылысындағы жолдарда бағдаршамның орнатылмағандығы туралы айтты. Оның сөзінше, аталған көше жолынан сабаққа асыққан балалар жиі өтеді.
Есеп беруде көтерілген мәселелердің оң өзгеріс табуы үшін қала әкімі тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берді.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ,
Суреттерді түсірген Бағдат Төлебай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓